Бұл демалыста қайда барамыз?

Жұмыс аптасы аяқталуын асыға күтеміз, бірақ көбіне демалысты қалай өткізуге болатынын жоспарламаймыз. Ал елорданың мәдени орындары сіздер үшін сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істейді.
15-16 қараша күндері театрлар мен концерт залдарына барып жанға жайлы демалыс сыйлағыңыз келсе спектакльде көп, концерттер де бар.
Сенбі күні балаларыңызды Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрында» өтетін «Король лев» қойылымына апарсаңыз болады. Басталуы сағат 12:00 де.
Балаларға арналған тағы қандай қойылымдар бар десеңіз Креатив хаб ÓzgeEpic те құстар әлемі туралы «Ақыл патшалығы» атты таңғажайып ертегі болады екен. Бұл қойылым 16 қараша, сағат 15:00 де басталады.
Ал Astana Opera театрында сенбі күні қазақтың алғашқы комедиялық операсы сахналанады. С. Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсы кешкі 18:00 де басталады. Ерте баруға тырысыңыз. Кешіккендер тек үзілісте ғана өз орындарына жайғаса алады.
Ал егер сізге балет өнері ұнаса онда сенбі күні Astana Ballet театрында сағат 18:00 де «Ромео мен Джульеттаның» махаббат оқиғасын тамашалай аласыз.
Қ.Қуанышбаев мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында 15 қарашада «Ғасырдан да ұзақ күн» спектаклін барып көрсеңіз болады. Сахна шымылдығы кешкі сағат 18:00 де ашылады.
Музыкалық жас көрермен театры 15 қараша күні, кешкі 18:00 де Мәншүк Мәметованың қысқа әрі қайсарлыққа толы өмірін бейнелейтін «Мәншүк» музыкалық драмасын сахналайды.
Ал егер сізге Бағжан Октябрьдің шығармашылығы ұнаса сенбінің кешін «Qazaqstan» орталық концерт залында өткізсеңіз болады. «Терапия души» концерті өз көрермінін 19:00 де күтеді.
Ne prosto orchestra симфониялық оркестрі жексенбіде «Гарри Потер» және «Пираты Карибского моря» атты саундтрек концертін ұсынады. Бұл сериалдарды отбасыңызбен тамашалаған болсаңыз концертке балаларыңызды да ертіп баруға болады. Тек 5 жастан асқан балаларға бөлек орын сатып алу керек. Басталуы 19:00 де, «Qazaqconcert» залында.



