Қоғам

Астананың танымал 25 дәмханасында 3500 теңгеге тойып тамақтануға болады

Сіз Kudafest гастро фестивалі жайлы естідіңіз бе? Бұл шара 2024 жылы негізі қаланған тағам фестивалі. Алғашқы фест сол жылдың ақпан айында өтті. Бұл — бір-екі күндік қана іс-шара емес. Мезгіл сайын қайталанып тұратымен қатар әр жолы 1-1,5 айға созылады. Өткен жылы қыс, күз айларында өтсе, биыл да қыс, көктемде жалғасты. Күз айында, тіпті, қала тұрғындарын екі рет қуантты. Дәл қазір өтіп жатқан күзгі фесттің аяқталуына 1апта қалды.

Қазір кез келген дәмхана, мейрамханаға жақыныңмен барып түстеніп немесе толыққанды кешкі ас ішу үшін кем дегенде 7000 мың теңге жұмсауға тура келеді. Алайда Астанада өтіп жатқан тағам фестивалі арқылы ең әдемі орындарға барып, 3500 теңгеге тойып тамақтана аласыз. Тек 23 қарашаға дейін барып үлгеруіңіз керек.  Шара арқылы қонақтар әр кешін жағымды атмосферада өткізіп, өзі үшін сүйікті дәмханалар тізімін толықтыра алады.

Фестиваль сайын қаладағы дәмханалар өз мәзіріне бағасы 3500 теңге болатын 2-3 түрлі жинақ сет қосады. Әр жинақта бір ыстық тағам, бір салат немесе тәтті десерт және таңдауыңызға қарай шай немесе салқын сусын ұсынылған.

Мұндай тағам фестивалін Қазақстанға алғаш алып келген KudaFest ұжымына ерекше идея үшін Астаналықтар риза. Себебі мұндай бастама қоғамдық мәдениетті жақсартуға, дәмхана мен мейрамхана этикетін дамытуға үлес қосады. Бұл декреттік демалыстағы аналарға, зейнеткерлерге, шәкіртақысын үнемдегісі келгенімен қала өмірін сезініп, арасында жақсы орынға баруды қалайтын студенттерге бұл тамаша мүмкіндік. Фестивальден құр қалмай, күндеріңізді мерекеге толтыру үшін @kudafest.astana инста-парақшасына тіркеліп, бақылай жүріңіз.

Басқа жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button