Мәдениет

“Qazaq inclusive theatre“ алғашқы «Жоламан» қойылымын көрермен назарына ұсынады.

18 қараша, Жүзбай Серіктің «Өмір-ғайып» романының желісі бойынша жазылған  «Жоламан» атты  музыкалық драмасы сахналанады.

Астанада осы жылдың қыркүйегінде “Qazaq inclusive theatre“  құрылды. Театрдың негізін қалаушы қоғам  белсендісі, «Шоудаун федерациясының» президенті, «Көзімнің қарасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Мирас-А» қоғамдық қайырымдалық қорының  құрылтайшысы Жүзбай Серік. Театр ашудағы негзгі мақсат ерекше адамдардың шығармашылық әлеуетін ашу, олардың қоғаммен байланысын нығайтуға жағдай жасау, үй-жағдайында отырып қалмай, қоғаммен байланыс жасап кетуіне септігін тигізу.

Театр алғаш сахнағалы отырған «Жоламан» қойылымы  болған оқиға желісімен жазылған. Қойылым авторы Серік Жүзбай 2010 жылдан бері 100 ден аса тастанды баланы жаңа отбасына қосқан. Қойылымда тастанды баланың тағдыры суреттеледі, отбасы құрудағы құндылықтар, бала тәрбиесі назарға алынған. Ал басты кейіпкер Жоламан өз анасымен табыса ма? Оның өмір жолы әрі қарай қалай өрбиді? Қандай қиындықтар мен жетістіктерді бастан өткізеді?  Осы сұрақтардың жауабы қойылымға арқау болады. Кеш сағат 19.00 де М.Горький атындағы академиялық драма театрда өтеді.

 

Басқа жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button