Астана — мүмкіндіктер қаласы: жұмыс табудың 3 жолы

Астанада жұмыс көп деген ұғым бар. Иә, расымен мұнда жұмысқа орналасуың да, жаңасын табуың да тез болуы мүмкін. Әрине, оның оңай жолдарын білсеңіз.
Алғашқысы, astana.hh.kz сайты. Бұл — 2006 жылдан бері жұмыс істейтін, әлемдік HeadHunter сайтының жергілікті порталы. HeadHunter Қазақстанның hh.kz 15 жылдық есебі бойынша сайтта 2 934 204 түйіндеме орналастырылған, 1 548 445 бос жұмыс орны жарияланған. Ең бастысы, ешқайда бармай, өте көп мүмкіндікті қатар қарастырып көре аласыз. Жұмыс іздеу үшін қолдағы телефоныңыз бен бірер минут бос уақытыңыз жеткілікті.
Жұмыс табудың екінші әдісі әлдеқайда қызығырақ. Экранға жақындаңыз, кеңінен тарқатайық. Өзіңіз ұнататын, істегіңіз келетін бір жұмыс түрлерін таңдайсыз. Instagram, threads секілді танымал желілерден сол жұмыс орындарының ресми парақшаларын тауып, қысқаша мотивациялық хат жазасыз. Сіздің хатыңыздың жүйелік реттілігі шамамен мынадай сұрақтарға жауап бергені дұрыс:
— Сәлемдесу (жағдай сұрау қажет емес)
— Аты-жөніңіз
— Сіз істегіңіз келетін жұмысқа сай келетін өз қабілеттеріңіз және алған білім диплом, сертифткаттарыңыз
— Неше тілді қандай деңгейде білетініңіз
— Және ең бастысы, сол жұмысты қаншалықты істегіңіз келетінін жұмыс беруші түсініп, сізге мүмкіндік бергісі келетіндей шынайы жазып көріңіз.
— Соңынан, “Оқығаныңызға рақмет, сіздерден жауап болса қуанар едім” секілді сыпайы сөзбен аяқтайсыз.
Назар аударыңыз, бастысы, осы ақпараттың барлығын бір хатқа сыйғызып, оқуға ыңғайлы болатындай жинақтап жазыңыз. Сол хатты көшіріп алып, жоғалтып аламайтындай жеке чатыңызға сақтап қойыңыз. Және тек әлеуметтік желісіне жеке хат емес, сондағы байланысу жолдары ретінде көрсетілген электронды пошта мекенжайлары мен телефон нөмірлеріне де көшіріп жаза аласыз. Сауатты жазылған мұндай хаттар кез келген жұмыс берушіні қуантатын дүние. Бірі болмаса бірі назар аударуы әбден мүмкін. Сондықтан еш қысылмай хат жіберіп көріңіз.
Тиімді деген үшінші тәсіл — telegram мессенджеріндегі вакансия жарияланатын арналар. Телеграмдағы іздеу жолағына өз қалаңыздың атын және вакансия деп жазсаңыз, түрлі арналар шығады. Қалағаныңызша іздей аласыз.
Біз барынша толығырақ, түсінікті жазуға тырыстық, енді кезек сізде. Сәттілік тілейміз!



