Қоғам

“Qargyn” оқырман клубының кезекті кездесуі өтеді

Алдағы демалыс күндеріңізді пайдалы, танымдық кездесуге арнағыңыз келсе кітаптар талқыланатын шараны ұсынамыз. 2024 жылды соңында ғана құрылған “Qargyn” клубы осымен оныншы кездесуін өткізгелі отыр. Әр кездесуде жаңа кітап таныстыратын 3-4 оқырман спикер және бір жұлдызды қонақ болады.

Ойлаңыз, әр кездесу сайын кем дегенде 3-4 кітаппен танысасыз, бұрын сізге бұлыңғыр болған авторлар мен шығармалар жайлы сіз секілді қарапайым оқырман өз ракурсы арқылы көп ақпаратпен бөліседі. Кітапқа қызығушылығын арттырғысы келетін немесе қазақтілді, білімді орта іздеп жүрген жанға таптырмас орын. Сондай-ақ клуб кітап таныстырғысы келетін оқырмандарына сахнаға шығып бақ сынап көруге тегін алаң, микрофон мен мүмкіндік ұсынады.

Алдағы жексенбі, 23 қараша күні 12:00-де мамандығы журналист, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және невролог дәрігер оқырманның кітап таныстыруына куә боламыз. Жұлдызды қонақ ретінде “Ажыраспа” кітабының авторы, маркетинг маманы Айна Досмахамбет өз туындысы жайлы айтады.

Шара арасында ұйымдастырушылар тарабынан фуршет дастархан мен тәтті шай да бар. Келіп қонақ болыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел 41/1, “Orta community” креатив алаңы.

Кіру құны: 3000 теңге, билеттерді http://sxodim.com/ сайтынан ала аласыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button