Мәдениет

Бұл демалыста қайда барамыз?

Жұмыс күндерін жемісті, абыроймен өткізіп алғаннан кейін демалыста көңілді шараларға барып, қала өмірін сезінгіміз келеді. Ендеше оқырмандарымыз үшін осы апта соңында өтетін кештер мен мәдени шаралар тізімін ұсынамыз.

  1. Ата-ана мен балаларға: Қазақстандағы «Сказкин дом» бірегей интерактивті музей-театр сіздерді ертегілер әлеміне саяхат жасауға шақырады! Ең алдымен баласын демалыс күні қыдыртқысы келген ата анаға өте жақсы іс-шара «KIDBURG» -та өтетін “Алдар көсе ертегілері” қойылымы.

ТЕГІН: 6 жасқа дейінгі балалар спектакль өтетін күні «Поляна» ойын аймағына уақыт шектеуінсіз еркін кіре алады. Билет бағасы Freedom SuperUp қосымшасы арқылы алсаңыз 3900 теңгеден басталады. Ticketon сайтында 5000 теңге. Уақыты: 22.11.2025 сағат 14:00 Мекенжайы: Abu Dhabi Plaza сауда ойын-сауық орталығының «KIDBURG» кешені.

 Дәл сол күні сол мекенжайда сағат 18:00-де осы баға, шарттармен “Бауырсақ” ертегісі қойылады.

  1. Театр сүйер көрерменге: Астана қалалық Жастар театрының “Сүйікті етші, сүйіктім!” қойылымы. “Сақта мені!

Көгершіндей көңілім аппақ еді…

Алып кетіп жүрмегей әлдебіреу

Жан баспаған белігісіз жаққа мені…”, деп И. Сапарбай өлеңінің жолдарымен басталатын қойылым көрерменін терең ойландырып, шексіз тұңғиығына ала кетері сөзсіз. Билет бағасы Freedom SuperUp қосымшасы арқылы алсаңыз 780 теңгеден басталады. Ticketon сайтында 1000 теңге. Уақыты: 22-23 қараша күндері сағат 19:00 Мекенжайы: Астана, Ілияс Есенберлин, 10, «Жастар» театры.

  1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мағжан. Жүз жылдық махаббат» Пьеса оқылымы. Спектакль атауы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған: алғашқыда «Әлдиле, өлім, әлдиле» деп аталған пьеса кейін «Әлдиле, өмір, әлдиле» болып өзгертілген. Ақырында, «Жүз жылдық махаббат» деген атаумен сахнаға шығып отыр. Билет бағасы Freedom SuperUp қосымшасы арқылы алсаңыз 1560 теңгеден басталады. Ticketon сайтында 2000 теңге. Уақыты: 23.11.2025 сағат 18:00

Мекенжайы: Астана, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының кіші сахнасы. 4. MOLDANAZAR тобының концертінде алғаш рет біз білетін танымал әндерді симфониялық оркестр сүйемелдеуінде тыңдай аламыз.  Билет бағасы 8000 теңгеден басталады. Sxodim.com сайтынан ала аласыз. Уақыты: 22.11.2025 сағат 19:30

Мекенжайы: Астана, Мәңгілік ел көшесі, 10/1, QAZAQCONCERT залы.

  1. Спорт сүйер қауымға “Барыс” пен “Авангард” клубтары арасында хоккей матчы өтеді. Билет бағасы 2000 теңгеден басталады. Sxodim.com сайтынан ала аласыз.

Уақыты: 23.11.2025 сағат 17:00

Мекенжайы: Астана, Тұран даңғылы, 57, Барыс Арена залы.

Өзіңізге ұнаған шараны таңдап көңіл көтеріп қайтыңыз. Демалысыңыз сәтті өтсін!

Басқа жаңалықтар

Back to top button