Қоғам

Ертеңнен бастап тағы бір жаңа автобус бағыты жолаушыларды тасуға шығады

22 қарашадан бастап №82 автобусы бағыты ашылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.

Автобус Орда базары аялдамасынан Зерде мектебіне дейін қатынайды. Жаңа маршрут Алаш шоссесімен басталып, Уәлиханов көшесіне бұрылады. Одан әрі қозғалыс Абылай хан даңғылы, Жұмабаев көшесі, Тәуелсіздік және Әл-Фараби даңғылдары арқылы жалғасады. Сондай-ақ бағыт Бұхар жырау көшесін де қамтиды. Жаңа маршрут елорданың қарқынды дамып келе жатқан аудандарында көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жолаушылар ағынының артуына байланысты келесі жылы қалада тағы 13 жаңа маршрут іске қосылатынын мәлімдеген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button