Қоғам

Жұма сайын тегін нан тарататын азаматты таптық

Қайырымдылық — игі іс болғанымен, оны жомарттық танытып жасап жүргендер аз. Біздің сайт ұжымымен сырттай бақылай жүріп әр жұма сайын тегін нан тарататын жомарт жанды тауып алдық.

Мұрат Тұрлыбай Астана қаласының қарапайым тұрғыны. Оның табыс көзі экскаватор техникасын жалға беру.  Асып тасып жатқан байлығы жоқ. Бірақ апта сайын жұма күні бірнеше дүкенге тегін нан таратады. Кейіннен оның бастамасына екі бауыры да қосылған. Ағайындылар бұл істі қолға алғандарына 3 жылдан асыпты. Аптасына қанша көлемде қаражат жұмсайтынын сұраған едік, 50 000 теңге шамасында екенін жасырмады. Қаланың Нұра ауданындағы «Барыс» аренаға жақын маңдағы “Айя маркет”, “Twix”, “Миллионер”, “Гастроном” секілді дүкендерде тұрғындарға аптасына бір күн тегін нан таратын міне осы үш жігіт. Жұма сайын қайсысының қолы бос сол дүкендерге нан таратуға шығады. Олар осындай ізгі істері арқылы талай жанның батасын алып жүр. Игі ісіміз арқылы ең бірінші балаларымызға үлгі болғымыз келеді дейді ағайынды Тұрлыбайлар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button