Астанада «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» кинофестивалі ашылады

Осы жылдың 25 қарашасында Астана қаласындағы Chaplin Cinema кинотеатрында #EndViolence Film Festival өз шымылдығын ашады. Бұл шара — БҰҰ бастамасымен өтетін «Гендерлік зорлық
зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттің 16 күні» жаһандық кампаниясының Қазақстандағы басты ашылу оқиғасы.
Кинофестиваль әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелерін талқылауға арналған маңызды қоғамдық алаң болмақ. Бағдарламада заманауи қауіптерге арналған пікірталастар жоспарланған:
• онлайн-қудалау
• интимдік материалдарды рұқсатсыз тарату
• дипфейктер
• гендерлік дезинформация
Фестивальдің ашылу фильмі ретінде Асхат Күчинчирековтің «Бауырына салу» картинасы көрсетіледі. Фильмде эмоционалдық қысым, әлеуметтік стереотиптер, әйелдердің осалдығы мен жақын қарым-қатынастың бұзылуы секілді маңызды тақырыптар қозғалады. Көрсетілімнен кейін актерлер, сарапшылар және БҰҰ өкілдерінің қатысуымен ашық талқылау өтеді.
Өтетін уақыты мен орны: 25 қараша, 18:00 де
Chaplin Cinema, Mega Silk Way, Астана
Шара баршаға ашық. Жаһандық мәселелерді өнер тілімен талқылауға қызығатындар үшін маңызды мүмкіндік.



