Дәмхана тәттілерін күн сайын жарты бағасына алыңыз

Жақында Telegram мессенджерінде FoodSave деген арна пайда болды. Қазір Астана бойынша 800-ге жуық мейрамхана, кофехана мен дәмхана бар. Олардың әрқайсысында күн сайын мыңдаған тәтті бәліштер мен круассандар пісіріледі. Алайда балғын өнімдер сөреде артылып қалып қойған жағдайда келесі күні сатуға болмайды. Сондықтан дәмді асты ысырап қылмау үшін дәмхана иелері осындай жеңілдік түрін ойлап тапты.
Күн сайын телеграм арнаны бақылай жүрсеңіз кешке қарай екі-үш есе төмен бағада тағамдар мен дәмханалардың тізімі шығады. Ақысын төлеп, тапсырысты нақтылап үлгерсеңіз жеңілдік сіздікі.
Азық-түлік қымбаттап жатқан кезеңде тұғындар мұндай мүмкіндікті қуана пайдалануда. Ал арнаға қосылу үшін Telegram-дағы іздеу жолағына FoodSave деп жазып, іздесеңіз болғаны.



