Қоғам

ҰҒМО-ның көрінбейтін қаhарманы: ағаш ұстасы, Ерік Қапбасов

Ерік Қапбасов, ағаш ұстасы. Ауылда бала күнінен қолына балға мен шеге ұстап өскен оның жұмыс істеп жүргеніне 22 жыл. 2004 жылы Көкшетаудан Астанаға арман қуып келген Ерік құрылыс компанияларының біріне жұмысқа тұрамын деп ойлаған. Бірақ хабарландыру бойынша Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа барып бірден жұмысқа орналасады.

Ерік бұл ауруханадағы 600 ден аса төсек орын, 1000 нан аса есік, 600 киім шкафтары мен тумбалардан бөлек ауруханадағы барлық жихаз, арнайы құрылғы, жабдықтарды жөндейді. Қолы бос күндері жеке тапсырыстарды орындайды.  Кей кезде жұмыс уақыты аяқталған соң шақыртулар болады, мысалы есік ішінен ашылмай қалатын жағдайлар. Ондай кезде уақытқа, демалысқа қарамай жұмысқа жетемін дейді ол.

20 жылдан аса осы үлкен ауруханада жұмыс істеп жүріп өмірдің мәнін, денсаулықтың қадірін басқаша ұғындым дейді Ерік. Өйткені мен күн сайын баласының денсаулығы үшін уайымдап, күні-түні реанимацияның алдында жылап отырған ата-ананы көремін, дәрігерге үмітпен қарап құтқаруын өтінетін науқастарды көремін, мәйітханадан жақынын алып кетуге келген көңілсіз адамдарды көремін. Біз бақыт дегенді байлық пен ақша деп түсінеміз. Шын байлық отбасыңның амандығы, деніңнің саулығы ғой.

Сөз соңында Ерік өмірге риза екенін, таза адал еңбектің арқасында осындай үлкен орталықтың 24/7 жұмыс істеп тұрғанына өз үлесін қосып жүргенін мақтанышпен айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button