Қоғам
Астанада жаңа медициналық нысандар ашылады

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңа медициналық мекемелердің құрылысымен танысқанын жариялады.
Жыл соңына дейін «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанында 350 келушіні қабылдайтын жекеменшік клиника ашылады. Алдағы жылы «Самрұқ-Қазына» қорының қаражаты есебінен №2 қалалық көпсалалы ауруханада қабылдау-диагностикалық кешені мен Сарыарқа ауданында 250 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы аяқталады.
Келесі жылы Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығында 200 орындық травматология орталығының құрылысы басталады. Ал адағы үш жылда Алматы ауданында перинаталдық орталық, жаңа көпсалалы аурухана, сондай-ақ 6 емхана және жедел медициналық көмек көрсететін 3 қосалқы станция салынады деп жоспарланып отыр.



