Қоғам
Өмірдің құны 4 секунд

Астана қаласы жол полиция департатменті баспасөз қызметінің хабарлауынша қаладағы жеті көше қиылысында бірден қызыл бағдаршам жанады.
Көшелер тізімі:
- Керей, Жәнібек хандары – әл-Фараби;
- Рысқұлов – Мәңгілік ел;
- №106 мектеп маңындағы Сұлтан Бейбарыс көшесі;
- Құсмұрын – Қайнар (№68 мектептің жаны);
- Қарамеңді би Шақаұлы – Земляничная;
- Тәуелсіздік – Қошқарбаев;
- Тәуелсіздік – Байтұрсынов.
Тізімдегі жеті көше қиылысында бір сәтте қызыл бағдаршам 4 секундқа жанады. Бұл өз кезегінде көліктердің маневрды қауіпсіз аяқтауына, қиылысты босатуға және жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізеді. Жыл басынан бері Астанада 1700 ден аса жол-көлік оқиғалары тіркелген. Ал 4 секунд бірден жол апаттарын азайтады.



