Абай философиясы арқылы кәсіпкерлерге арналған тегін оқу

26-29 қараша аралығында Астанада NU негізінде «Абай философиясы арқылы кәсіпкерлерді ESG қағидаттарына оқыту» атты білім беру бағдарламасы өтеді. Бұл — кәсіпкерлерге басқару, көшбасшылық және бизнестің қоғамдағы орнына жаңа қырынан қарауға мүмкіндік беретін ерекше формат. Бағдарлама заманауи бизнес құралдарын Абай Құнанбайұлының философиялық тұжырымдарымен және ақыл, қайрат, жүрек үндестігін негізге алатын «Толық адам» ілімімен үйлестіреді.
Дәл осы тәсіл бағдарламаның құндылығы мен ерекшелігін айқындайды: қатысушылар басқару дағдыларын дамыта отырып, жеке кемелдігін және әлеуметтік жауапкершілігін қатар нығайтады. 3,5 күн бойы қатысушыларды интерактивті мастер-класстар, бизнес симуляциялар, топтық тапсырмалар мен пікірталастар күтеді. Олар бизнеске қоғамды дамытудың құралы және болашаққа қосар үлес ретінде
қарауға мүмкіндік береді.
Оқу толықтай тегін және микро, шағын және орта бизнестің өкілдеріне, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді. Бағдарламаға қазірдің өзінде 100-ден астам кәсіпкер тіркелген. Бұрын бағдарлама Астанада, Абай облысында, Алматы және Ақтөбе облыстарында сәтті өткізілген және кәсіпкерлер мен сарапшылар тарапынан жоғары баға алған. Қазіргі уақытта жоба Астанада қайта ұйымдастырылып, одан да көп кәсіпкерге білім алу, шабыттану және елдің болашағына қосқан үлесін арттыру мүмкіндігін береді.
Қосымша ақпарат алу үшін:
+7 708 848 55 11 Алия Н.



