Инклюзивті білім беру: бірлескен тәжірибе, ашық көзқарас, жаңа мүмкіндіктер
Бүгін Астана қаласында Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК және №32 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру: бірлескен тәжірибе, ашық көзқарас, жаңа мүмкіндіктер» атты педагогтар мен арнайы мамандарға арналған республикалық практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның негізгі мақтсы инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтардың кәсіби тәжірибесін тарату, мамандардың өзара іс-қимылын дамыту және «шекарасыз мектеп» қағидаты аясында барлық балаларға тең мүмкіндік беретін орта қалыптастыру.
Панельдік сессия төрт секциялық бағытта жұмыс істеді. Олар: «Инклюзивті білім: стартегия және әдіснамалық бағыттар», «Инклюзиті мәдениет: эмоция, қүндылық және шабыт арқылы адамгершілікке жол», «Инклюзиті практика: шеберлік, әдіс және цифрлық тәсілдер»
Секция жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, тәжірибелі педагогтары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары мен әдіскер мамандар қатысты. Сондай-ақ конференцияға мамандар онлайн форматта да қатысып тәжірибе алмасты.



