Қоғам

Тегін кешен: жаңа дене шынықтыру-сауықтыру орталығына келіңіз

Астананың Алматы ауданы, Железнодорожный тұрғын алабында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Ақша төлемей денсаулыққа көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанғыңыз келсе осы орталыққа келсеңіз болады.

Баладан бастап қарияға дейін өзінің жасына, қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге қатыса алады. Грек-рим және еркін күрес, үстел теннисі, шахмат пен тоғызқұмалақ секциялары да осында. Фитнес залда кардио жаттығуларға арналған құралдарды да пайдалана аласыз.

Қала тұрғындарының әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымын дамыту мақсатында ашылған бұл нысанда қауіпсіздікті қадағалайтын полиция пункті де жұмыс істейді.

Кеше ғана салтаннаты ашылу шарасы өткен кешенге кешіпей барып жазылып алыңыз.  Су жаңа кешен мекен-жайының сілтемесін де қалдырдық  https://2gis.kz/astana/geo/9570810633125894/71.582670,51.144344

Басқа жаңалықтар

Back to top button