Қоғам

Ет керек пе? «Соғым Fest» жәрмеңкесі күтеді

Ет дегенде бет бар ма? Соғым сойып үлгермегендер немесе етті жіліктеп алам деушілерге 29-30 қараша күндері «Соғым Fest» ет жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз.

Алаш тасжолындағы «Keruen Joly» cауда орталығының автотұрағы аумағында Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан, Павлодар облыстарынан келген фермелер мал етін сатады.

Еттен басқа не болады десеңіз, жергілікті фермерлер мен өңірлерден келген өндірушілердің ұн, сүт, көкөніс пен жемістер, тосап, табиғи шырындарын да осы жерден арзан бағағаға алуға болады.

Негізі жәрмеңке әр демалыс сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Сауда орталығына № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағытындағы автобустар жүреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button