Қоғам
Қызғыл-сары түсте жанған ғимараттар

Тұрғындар қараңғы түсе қаладағы маңызды ғимараттың қызылғыл-сары түсте жанып тұруын байқап, желіге жүктеуде. Оның өз себебі бар.
Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында қаланың бірқатар нысандарына қызғылт-сары түсті жарық жағылды
Қызғылт-сары түс – жылылықтың, үміт пен ынтымақтың белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғау қажеттігін және кез келген зорлық-зомбылыққа жол бермеу идеясын алға тартады. Осы күндері елорданың маңызды нысандары ерекше жылы қызғылт-сары түске боялды.
Әр нысан осындай маңызды мәселеге назар аудартып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге үндейді.



