Қоғам
Астанада қашан қар жауады?

Астаналықтар қысты аңсап жүр. Ақ ұлпа қарды күткен елордалықтар бұрын соңды мұндай ұзақ күз болмағанын айтып тезірек қыс басталса екен дейді. Әсіресе дөңгелектерін қысқы шинаға ауыстырған көлік иелері алаңдаулы. Және күн суытып, аяз түссе тұмау да азаяр еді дейді қала тұрғындары.
Ал «Қазгидрометтің» болжауынша 3-4 желтоқсан күндері қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы күндіз -1, түнде — 4 көрсетеді. Қалың қар тек 7 желтоқсан күні жауады деп күтілуде. Жалпы желтоқсан айында қар мол түсіп ауа-температурасы — 14 ке дейін суытады.



