Кезекті OYORDA Talks қалай өтті?

2024 жылы ашылған OYORDA — ойлы, ізденімпаз жастар бірігіп құрған рухани орта. Қауымдастықтың басты мақсаты — қазақ жастары арасында оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, білім мен сананы жаңа деңгейге
көтеру. OYORDA-ның артында «Лидерс» атты ерікті құрылтайшылар, ұйымдастырушылар мен бөлім жетекшілері тұр. Олар бірнеше маусым бойы 500-ден астам жасты жинап, рухани өсуге, тұлғалық дамуға, еркін ойлауға жол ашатын алаң қалыптастырды.
Қауымдастық бүгінге дейін түрлі жобалар жасап, жастардың қызығушылығы мен дамуына қызмет етіп келеді. Солардың ішіндегі ең танымал бағыттар: OYORDA oqyrman, OYORDA Talks, OYORDA Fest,
Quiz, Sapar, Oqushy, Qadamdas, Paragta.oqy, LikeKitap, Qalamger, Cash Flow, Oytalapay, Speaking Clubs.
OYORDA Talks — «Зиялы спикер — зиялы аудитория» қағидатына негізделген ашық пікір алаңы. Мұнда қоғам дамуына үлес қосатын тұлғалармен тікелей жүздесіп, жаңа идеяларды бірге талқылап, оларды
жүзеге асырудың нақты қадамдарын анықтауға мүмкіндік бар. Бұл жоба — парасатты спикер мен білімге ынталы аудиторияны байланыстыратын көпір.
Күні кеше 30 қараша, жексенбі күні кезекті OYORDA Talks өтті. Биылғы спикерлер:
• Арын Құнанбай — «Абай және Біз» тақырыбымен Абай философиясын бүгінмен, ғылыммен, заманауи ашылуларға байланыстыра отырып талдады, тыңдарманмен бірге талқылады.
• Әсел Жутаева — «Тіл және Мәдениет» тақырыбында Әл-Фараби иерархиясы, Баласағұнның Құт ілімі, Яссауидің Қалб тазалығы, Рухани физикалық тазадық жайында кеңінен сөз қозғады.
OYORDA оқырмандарды саналы білімге, мәдениетке, ойды анық жеткізуге, алған білімін қоғам игілігіне жаратуға шақырады. Бұл — қазақ жастарын біріктіретін, ойландыратын, шабыт беретін ортақ үй. Мұнда әр
жас өз орнын, өз ойын, өз жолын табады.



