QazCode пен америкалық MeetKai енді бірге ұлттық AI жүйелерін жасайды

QazCode компаниясы АҚШ-тың MeetKai компаниясымен бірге жаңа буын жасанды интеллект (AI) модельдерін әзірлеу үшін серіктестік құрды. Бұл технологиялар VEON жұмыс істейтін бес елде — Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Пәкістан және Бангладеште жергілікті тілдер мен мәдениетке бейімделген AI қызметтерін іске қосу бағытында жұмыс жасайды. Осы елдерде жалпы 150 миллионнан астам қолданушы бар.
Жоба аясында: MeetKai — жасанды интеллект модельдерін оқытады, QazCode — жергілікті деректерді, есептеу қуаттарын және технологияларды бейімдеуді қамтамасыз етеді. Әр елдің мәдени ерекшелігі мен тілін дұрыс жеткізу үшін жергілікті мамандар да қатысады. Нәтижесінде білім беру, медицина, ауыл
шаруашылығы, бизнес сияқты салаларға арналған жаңа AI өнімдері пайда болады. Мысалы, Aventa тәрізді түрлі тілде сөйлей алатын смарт-агенттер жасалады.
QazCode бас директоры Алексей Шаравардың айтуынша, әлемде AI бірнеше ғана кең таралған тілде дамып жатыр. Ал бұл серіктестік арқылы олар жұмыс істейтін елдердің өз тілін, өз контекстін жақсы түсінетін
ұлттық AI мамандарымен біріге жұмыс істейді.
MeetKai басшысы Джеймс Каплан да осы жобаның маңызды екенін атап өтті: әр ел өз дерегін өзі басқарып, өз тіліне бейімделген жасанды интеллектке ие болуы — шынайы «егеменді AI»-дың көрінісі. «Жасанды интеллект — өмірдің барлық саласына біртіндеп еніп жатқан өте маңызды технология. Бірақ бүгінде негізгі ресурстар ең кең таралған бірнеше тілге ғана бағытталған, — дейді QazCode бас директоры Алексей Шаравар. — Біз жұмыс жасайтын елдерде тек сөздерді емес, жергілікті контексті де меңгерген модельдер жасап, жасанды интеллект пайдасын жеткізуді міндетіміз деп санаймыз. MeetKai компаниясымен серіктестік
бізге өзіміздің жергілікті деңгейде басқарылатын AI жүйелерімізді құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде біздің нарықтағы жасанды интеллект дамуына серпін береді».
QazCode — жетекші AI компаниялардың бірі және Қазақстандағы Beeline компаниясының эксклюзивті цифрлық серіктесі. QazCode құрамында телекоммуникация және IT нарықтарына арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеудің 8 жылдық тәжірибесі бар бизнес пен технологияларды терең түсінетін 750-ден астам қызметкер жұмыс істейді. QazCode бүгінде Орталық Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінде жұмыс істейді және жаңа нарықтарда белсенді түрде қатысып жатыр.



