Қоғам

Сарайшық ауданында 10 жаңа жылы аялдама орнатылды

Тұрғындардың өтініштері мен жүргізілген талдаулар негізінде биыл «Сарайшық» ауданында 10 жаңа жылы аялдама павильоны орнатылды. Қазіргі таңда олардың барлығы электр қуатына қосылып, толыққанды жылы жұмыс істеп тұр.

Жаңа аялдамалар келесі нүктелерге орналастырылды:

  • «Ориенталь» ТҮК
  • №2 қалалық балалар ауруханасы
  • «Фламинго» ТҮК
  • №112 орта мектеп (Отау шағынауданы)
  • «Geneva» ТҮК
  • Қаршыға Ахмедьяров көшесі
  • Қ. Қуанышбаев атындағы театр
  • «Восток» ТҮК
  • «Фирдаус» ТҮК
  • №74 мектеп-гимназия

Аялдамалардың жай-күйіне қатысты сұрақтар немесе шағымдар туындаған жағдайда Инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Сейтов Ералыға хабарласуға болады: +7 (7172) 55-10-28.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button