Қоғам

3500 тг — таңғы ас, десерт, кофесімен: Астанада BreakFeast

Біз өткен апталарда KudaFest жайлы жазған едік. Бұл жолы алғаш рет өтіп жатқан, жаңадан бастау алған BreakFest туралы ақпараттандырғымыз келеді.

Қазір BreakFest-қа 14 мейрамхана мен кофеханалар қатысып жатыр. Демек сізде әр жолы қала бойынша 14 таңдау бар. Олардың ішінде Crepe Cafe, Dio Grand Cafe, Coffe Boom, Көктем, Ет-Ет, Coffee Hub, Bistro Koktem, True Food, Chia, Delish, Peek-A-Boo, Bitanga, BAO секілді жақсы танымал орындар бар. Дәл қазір тұрған жеріңізге жақынын таңдай салып жеңілдік бағасымен таңғы ас іше аласыз.

Фестиваль күні кеше басталды, 19 желтоқсанға дейін жалғасады. Тіпті жақсы идея, “14 күн 14 кофеханадан таңғы ас” деп өзіңізге челлендж жариялап, қаласаңыз блог түсіруге болады.

Қаламызда гастрономиялық фесттерге сұраныстың жақсы екені қуантады. Сіз де фест акцияларын пайдаланып сүйікті кофехана, мейрамханалар тізімін толықтырып, күніңізді жақсы көңіл күймен бастаңыз.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button