Қоғам
Бүгін Астана тұманды Альбионға айналды

Астананың тұрғындары қар күтіп жүргенде қаланы қалың тұман басады, бірде сіркіреп жаңбыр жауады. Алайда сол тұманның өзі қалаға фильм атмосферасын сыйлап, аз уақытқа болсын өзге әлемге алып кеткендей күйге бөлейді.
Қызығып сурет түсірген тұрғындар қала өмірі жайлы әлеуметтік желідегі пабликтерді белгілеп стори жүктейді, парақшалар да жарыса жазады. Осылай қар күтіп көңіл түсірмей, астаналықтар тұманға да, жауынға да ризамыз.



