Қоғам

Елордада «сыйлық» аялдамалар пайда болды

Биыл қала көшелерін мерекеге сай безендіру жұмыстарына ерекше назар қойылғанын байқаймыз. Себебі тұрғындар ең жиі аялдайтын орын аялдамалар десек, «Нұра» ауданында 3 жылы аялдама павильоны
мерекелік «сыйлық» түрінде безендіріліп, гирляндалар мен қылқан жапырақты декормен сәнделді. Аялдамаға келіп тоқтаған әр көліктен таңырқап-таңғалған, әсерленген адамдарды байқайсыз.
Кейбірі сурет, видеоларға түсіп қызықтағандары да сондай сүйкімді. Біздің редакцияның пайымдауынша аялдаманы мұндай ерекше безендіру осыған дейін болмаған шешім.

Қазір қала бойынша мұндай аялдамалар үш мекенжайда бар:

* Тұран даңғылы, «Хан Шатыр» СОО-на қарсы беті;

* ⁠Тұран даңғылы, Орталық саябақ маңы;

* ⁠Азия Парк» СОО.

Әрі қарай да бұл сұлулық көңіліңізге жылу сыйласын. Кешкі жарық жанғанда балаңызға, отбасыңызға әдемі көңіл-күй, жақсы серуен себепкері болсын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button