Қоғам

4-5 желтоқсан мемлекеттік рәміздер жайлы республикалық семинар өтеді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Геральдикалық зерттеулер орталығы 4-5 желтоқсан аралығында «Мемлекеттік рәміздер және геральдика мәселелері»
тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырады.

Іс-шараның басты мақсат-міндеті — мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. Танымдық семинар барысында спикерлер мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне кеңінен тоқталып, олардың символдық мән
мағынасы және тарихы туралы сөз қозғайтын болады.

Іс-шараға ғылыми қауымдастық және өңірлердегі атқарушы құрылым өкілдері қатысады. Бұл семинар ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру бағытындағы маңызды бастама.

Басқа жаңалықтар

Back to top button