Мәдениет

“Әйелге өшпенділік қатты байқалады”: Кинотанушы Молдияр Ергебеков “Ауру” фильмін талдады

13 қарашада экранға шыққан “Ауру” фильмі көрерменге көп екіұдай ой қалдырған еді. Кейбірі фтльмнің сапалы түсірілгенін атап, отандық киноның деңгейі өскенін айтса, енді бірі не көргенін түсінбей денесі
тітіркеніп, қатыгез сахналардан жаны түршігіп жатты.

Қалың көрерменге білікті маман пікірі нақ қажет тұста философия ғылымдарының докторы, кинотанушы Молдияр Ергебеков facebook және instagram желілеріне фильм жайында өз талдауын жазба түрінде
жариялады.

“Режиссер Айтөре Жолдасқалидің «Ауру» фильмін кеше түнде көрдім. Фильмнің, бәлкім, екі ғана жағымды тұсы бар: кейбір эпизодтардың квадрат кадрға алынып, визуалдық шешімдердің сәтті табылуы және
туындының Қазақ тілінде түсірілуі. Одан өзге айтарлықтай ештеңесі жоқ. Бұл – өмірімде көрген ең нашар фильмдердің бірі”,- деді талдау авторы.

“Фильм барынша дидактик: «Кредит алмаңдар», «Күйеудің намысына тимеңдер». Болды. Еліміздегі үй ішіндегі зорлық-зомбылықтың түп төркіні осы екі-ақ себептен тұратындай. Бірақ адамдағы шектен
шыққан агрессия — әйелге, тіпті оның кұрсағындағы балаға деген дұшпандық — әп-сәтте пайда болатын кұбылыс емес қой. Егер сен оны осылай көлемді көрсетсең, оның себептерін терең зерттеу —
режиссер ретіндегі этикалық борышың.

Алайда фильм мұндай ізденістен толық ада. Бәріне кредит пен әйелдің ащы сөзі кінәлі болып шығады.
Фильмнен әйелге деген өшпенділік қатты байқалады. Басталғаннан кейін 10-15 минут өтпей жатып-ақ дүкендегі «семіз қатынның» ұры кейіпкерді қуып бара жатып құлауы — көрерменді күлдіруге бағытталған
арзан шешім. Бір кемпір өлтіріледі. Жалпы фильмде 4 әйел және 2 еркек өлтіріледі. Мизогиния тым ашық”,-деп ащы болса да толық талдау жариялады. Талдаудың толық нұсқасын автордың желідегі парақшаларынан оқи аласыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button