Қоғам
Астанадан Омск қаласына пойызбен баруға болады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлауынша 14 желтоқсаннан бастап Астана мен Омскіні байланыстыратын №144/145 «Астана — Омск» пойызы жолға шығады.
Аптасына екі рет сейсенбі және жұма күндері жүретін пойыз 400 ге жуық жолаушы тасиды. Пойыз үш купе, 5 плацкарт вагоннан тұрады. Билеттерді bilet.railway.kz сайтынан және ҚТЖ кассларынан сатып алуға болады.



