Астанада мемлекеттік және жекеменшік мектеп басшылары бас қосады
«MNU BRIDGE HUB – білім мен болашақты жалғайтын көпір» — жыл сайын өтетін бастама. Бұл шара еліміздің мектеп директорлары, мұғалімдері мен әдіскерлерін бір жерде тоғыстырып, ортақ мәселелерді
талқылайтын кәсіби алаң қалыптастырады. Биылғы кездесудің негізгі тақырыбы — «Жасанды интеллект: мектепте оқу процесіне енгізу және оқушының жеке деректерін қорғау».
Бағдарламада:
• орта білім берудегі цифрландыру,
• жасанды интеллектті тиімді қолдану жолдары,
• мектеп пен университет арасындағы сабақтастық,
• кибербуллингтен қорғану,
• мектептегі дағдарыстық коммуникацияларды басқару сияқты маңызды мәселелер қарастырылады.
Спикерлер қатарында — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ MNU-дың құқық, гуманитарлық және көптілді білім беру бағытындағы жетекші оқытушылары мен сарапшылары бар.
«MNU BRIDGE HUB» бастамасының мақсаты — мектептер мен университет арасындағы тұрақты кәсіби байланыс орнату, цифрлық трансформациядағы озық тәжірибелерді бөлісу және орта білім беру
жүйесіне жаңа мүмкіндіктер енгізу.
Өтетін күні мен уақыты: 5 желтоқсан 2025 жыл, сағат 09:00
Өтетін орны: Maqsut Narikbayev University (MNU), 5-қабат, Конференц-
холл (Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8)




