Мәдениет

Астаналық театрға тегін барыңыз: Шаңырақта премьера

“Шаңырақ” театры — Еуразия ұлттық университетінің студенттерінен
құралған өнер ордасы. Мұнда студенттер негізгі сабақтан тыс уақытын
қойылым дайындықтарында өткізеді. Театр репертуарында “Көзіме бір
көрінсең бала ғашық”, “Бір түп алма ағашы”, “Тіл табысқандар”, “Үміт
үзбе”, “Жеңгетай”, “Танакөз”, “Болмаған оқиға”, “Махаббат, қызық мол
жылдар”, “Жаралы гүлдер”, “Тамшылар”, “Алғашқы махаббат”,
“Чарлейдің әпкесі”, “Зауал”, “Бақыт” секілді ғажап қойылымдар бар. 2011
жылы негізі қаланғалы бері театрда сахнаны жан-дүниесімен сүйетін
жастар еңбек етіп келеді.
Биыл сол жастардың 14-і буыны репетуарға жаңа қойылым сыйламақ.
“Қайырымсыз қала” әпсанасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына
негізделген.
“Қараңғы мен қайырымсыздық ортасында да ақиқатты іздеген
жүректер үнсіз қалмайды”,-  дейді қойылым авторлары.
Осы сенбі, 6 желтоқсан 16:00, “Шаңырақ” залы, Янушкевич 6
Кіру тегін.
Уақытында барып залдан орын алсаңыз жеткілікті. Демалысыңыз жайлы өтсін!

Басқа жаңалықтар

Back to top button