Бұл демалыста қайда барамыз?

Демалыста мәдени шараларға барып, рухани сусындағыңыз келсе осы апта соңы өтетін шаралармен таныс болыңыз. Алдымен балақайларға арналған:
- “Түйме қыз” ертегісі: кішкентай Түйме қыздың басынан кешкен хикаяларын баяндайтын қойылым. Қуыршақ театрынан өзіңіздің сүйікті кейіпкерлеріңізді көре аласыздар! Г. Х. Андерсеннің таңғажайып ертегісінде күтеміз!
Билет бағасы 1500 теңгеден басталады. Ticketon.kz сайтынан ала аласыз. Уақыты: 6-7.12.2025 сағат 16:30
Мекенжайы: Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК
- “Махаббат мұңы” қойылымы
Астаналық “Жастар” театрында премьера! Тахауи Ахтановтың «Махаббат мұңы» шығармасы — жүрек тереңінен сыр шерткен, адам жанының нәзік иірімдерін бейнелеген сыршыл туынды. Драмада соғыстан кейінгі өмірдің қатаң шындығы мен адам бойындағы мейірім, махаббат, адалдық сезімдері нәзік өріледі.
Билет бағасы 1000 тенгеден бастап Уақыты: 6 қараша 19:00
Мекенжайы: Астана қаласы, И. Есенберлин көшесі, 10, «Жастар» театры
- «Жоламан» музыкалық драмасы: Премьера
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Жүзбай Серіктің «Өмір-ғайып» романының желісі бойынша жазылған «Жоламан» атты музыкалық драмасын сахналағалы отыр. қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайтын туынды. Пьеса Жоламан атты тастанды баланың өмірге келіп, тағдыр тауқыметіне жолығуымен байланысты. Мақсаты — қоғамда жетімдерді болдырмау. Кіршіксіз сәби көз жасына қалмау.
Билет бағасы 2000 тенгеден бастап, ticketon.kz сайтынан ала аласыз.
Уақыты: 6.12.2025 18:00
Мекенжайы: Астана қ, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры
- Армандар орындалады. Премьера!
Жоба әртүрлі салада еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандық иелеріне өз армандарын сахнада жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл бастама олардың шығармашылық әлеуетін қолдап, рухани дамуына үлес қосады.
Билет бағасы 2000 тенгеден басталады, Ticketon.kz сайтынан ала аласыз.
Уақыты: 6.12.2025, 18:00
Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік ел 55/2, объект В.2.3, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры (Nomad City Hall)



