Білім

Жыл қорытындысы: Үздіктер. Жастар жасаған PARAQTA BOT-тың мақсаты не?

23 жастағы азамат бастаған ұжым кітапқұмарларға арналған цифрлық жүйені іске қосты

Бүгін әлемдік статистика бойынша Қазақстан кітап оқудан 95-орында тұр. Бұл — дамушы мемлекет үшін көңіл қуантар жаңалық емес. Ағымдағы жылы негізі қаланған «Paraqta» жобасы — осы тұрғыда Қазақстандағы оқу мәдениетін нығайту және ел бойынша нақты оқу статистикасын қалыптастыру мақсатында жасалған ұлттық цифрлық платформа. Еліміздегі алғашқы ұлттық онлайн оқу ортасы деуге болады.

Жоба 2025 жылы іске қосылды. Алайда аз уақыт ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген оқырманды біріктіріп үлгерді. Қазақстанда қазір кітап оқуға қатысты бірыңғай, нақты, ұлттық статистика жоқ. Кітапханалар өз бөлек деректерін жүргізеді, дүкендер тек сатылымды біледі, оқырмандардың жеке оқу әдеті туралы толық картина жасалмай келген.

Paraqta осы олқылықты толтырады:
• Әр оқырман күнделікті оқыған беттерін Telegram бот арқылы белгілейді.
• Платформа автоматты түрде ұлттық оқу картасын қалыптастырады.
• Елдің оқу деңгейі нақты сандармен көрінеді: қанша бет оқылды, қай өңір белсенді, қай кітаптар танымал, жас ерекшеліктері бойынша белсенділік қандай — бәрі нақты есеп түрінде беріледі.

Бұл — жай оқу трекері емес, елдің интеллектуалды дамуына қызмет ететін ашық жүйе. Paraqta Telegram-бот негізінде жұмыс істейді — бұл тіркелуге де, күнделікті қолдануда да өте жеңіл, ыңғайлы жүйе.

Платформада:
• күнделікті бет белгілеу
• жеке оқу статистикасы
• айлық және апталық есеп
• стрейк жүйесі (үздіксіз оқу күндері)
• ұлттық рейтинг
• ең танымал кітаптар тізімі
• мини-челлендждер
• оқу марафондары (қазір 3 күндік Sprint формат тестіленуде)
Барлық базалық функциялар тегін.

Қазіргі нәтиже:
2025 жылғы қараша айының соңындағы көрсеткіштер:
• 500 қолданушы
• 38 елді мекеннен оқырман
• Қараша айында 63 957 бет кітап оқылды
• Бір ай ішінде 148 белсенді оқырман
• Ең ұзақ стрейк — 60 күн
• Ең көп оқылған кітаптар қатарында:
“Хюгге”, “Гейшаның естелігі”, “Ұлпан”, “Сүйекші”, “Парасат майданы”.

Бот арқылы оқырманның жеке прогресін көріп қана қоймай, қоғамдық оқу белсенділігінің нақты айнасын бақылай аламыз. Платформа жастардың оқу әдетін тұрақтандырады: қалалар мен мектептер бойынша нақты салыстыру жасауға мүмкіндік береді; баспалар мен кітап индустриясына нақты аудитория ұсынады; мұғалімдерге, білім ұйымдарына, кітап клубтарына пайдалы аналитика береді; оқырман қауымдастығын бір ортаға біріктіреді. Осылайша Қазақстанда алғаш рет “кім қанша оқиды?” деген сұраққа нақты жауап пайда болды.

Жобаның авторы — Ердәулет Құрал. Жиырмадан енді асқан жас, қазақ зиялыларының ізімен осындай ірі істерді атқарып жүр. Ол — OYORDA қауымдастығы мен OYORDA Kitap&Kofe жобаларының негізін қалаушылардың бірі. OYORDA қауымдастығы құрылғалы қоғам мәдениетін дамыту бағытында жастармен, кітап орталықтарымен және баспалармен жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Жобамен толығырақ танысып, телеграм ботты қазір-ақ қолданып көре аласыз:
• Telegram арна: t.me/paraqta_oqy
• Telegram бот: @oyordabot
• Instagram / Threads: @paraqta.oqy

Басқа жаңалықтар

Back to top button