Қоғам

Астананы айналып өтетін темір жол салынады

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ Ақ баспсөз қызметінің хабарлауынша Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек пен «»Қазақстан темір жолы» ҰҚ Басқарма төрағасы Талғат Аладбергенов елорданың көлік жүйесін дамыту бойынша жиын өткізді.

Жиында жеке инвестицияларды тарта отырып, қаланы айналып өтетін теміржол жолын салу жөніндегі  жоба жеке қаралатыны айтылды. Көлік тораптарына іргелес аумақтарды абаттандыру, логистиканы жақсарту және инфрақұрылым объектілерінің өткізу қабілетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Диалог шеңберінде екі тарап қазіргі Астананың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және орнықты көлік жүйесін құру үшін одан әрі бірлесе жұмыс істейтіндірін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button