Мәдениет

Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша елордада Тәуелсіздік күніне орай 80-нен астам түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде дәрістер, концерттер, кездесулер, турнирлер және тағы да басқа шаралар өтеді.

3–10 желтоқсан аралығында қалалық кітапханаларда «Қаламгер ұстаханасы» дәрістер циклі ұйымдастырылуда.

9 желтоқсан күні Достық үйінде діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел, сондай-ақ ардагерлер госпиталінде «Азат елдің айбыны» ашық сабағы жоспарланған.

10 желтоқсан күні «Жұмысшы мамандықтар» жылының аясында Астана қаласының №111 келешек мектебінде оқушылар мен еңбек ардагерлері арасында кездесу өтеді.

10 желтоқсан күні «Заң мен тәртіп» нарративі шара аясында есірткі жарнамасын анықтау және бояу акциясы өткізіледі.

11 желтоқсан күні сағат 11:00-де балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Тәуелсіздік – тұғырым, Егемендік – елдігім» иллюстрациялық көрмесі, сондай-ақ мектеп және колледж оқушыларымен «Қазақстанның асқақ рәміздері» кездесуі ұйымдастырылады.

11 желтоқсанда Астана қаласы ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтедi.

11 желтоқсан күні «Не? Қайда? Қашан?» – «Тәуелсіздік күні» тақырыбындағы Quiz ойыны өтеді.

11 желтоқсан күні «Байқоңыр» ауданы экономикалық-құқықтық колледжінде «Мен халқыммен мақтанамын» тақырыбындағы мерекелік іс-шара жоспарлануда.

Есіл ауданында 12 желтоқсан күні «Тарих тарту еткен – Тәуелсіздік» Quiz time ұйымдастырылады.

12 желтоқсан күні «Аспан» спорт кешенінде «Асық фестивалі» өтсе, Esil университетінде мерекелік концерт пен үздік студенттерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. Есіл ауданында «Тарих тарту еткен – Тәуелсіздік» Quiz time өтеді.

12 желтоқсан күні сағат 14:00-де «Тәуелсіздік мұраты – тәрбиелі ұрпақ» кураторлық сағаты өтеді.

12 желтоқсан күні базарлардың жас жұмысшылары арасында футбол, волейбол және теннистен спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

12 желтоқсан күні «Байқоңыр» ауданы «Шипагер» колледжінде «Тәуелсіздік – бұл халықтың қаһарман жолы» атты мерекелік бағдарлама өтеді.

Өзгеде шаралар туралы толық ақпаратты сайтымызда жариялайтын боламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button