Саясат
Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді

10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
«Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан телефон арқылы сөйлесіп, алдағы кездесулердің кестесін талқылаған.



