Астаналықтарға жақсы жаңалық: жаңа пойыздар жолға шығады

Қыста жолаушылар легін қамтамасыз ету үшін ұлттық тасымалдау қызметі бірнеше бағыт бойынша қосымша пойыздарды іске қосады. Енді Астанадан туған елге, ауылға бару да біраз жеңілдейтін болды. Бұл рейстер шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Қосымша пойыздар келесі бағыттарда жүреді:
- №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
– Алматыдан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2, 4 қаңтар
– Астанадан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан және 3, 5 қаңтар - №203/204 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
– Астанадан: 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2 қаңтар
– Шымкенттен: 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 4 қаңтар - №257/258 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
– Ақтөбеден: 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2 қаңтар
– Астанадан: 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 4 қаңтар
Пойыздарда стандартты купе және плацкарт вагондары бар. Бұған қоса, сұранысы жоғары бағыттарда жұмыс істеп тұрған құрамдарға 584 қосымша тіркеме қосылып, 30 мыңнан астам қосымша орын ұсынылады.
Билеттер қайда сатылады?
Билеттер ресми bilet.railways.kz сайтында қолжетімді. Ұлттық тасымалдаушы жаңа жыл қарсаңында сұраныс жоғары болатынын ескеріп, билеттерді ерте алуға кеңес береді.
Егер сатып алу кезінде орындар болмаған жағдайда, жолаушылар тегін «Күту парағын» пайдалана алады. Орын босай қалған сәтте жолаушыға SMS немесе жеке кабинеті арқылы автоматты түрде хабарлама келеді. Бұл қызмет жол жүруге дейін 7 күн кешікпей және жолға 2 сағат қалғанға дейін ғана рәсімделеді.
Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы білуге болады. Пойыздардың нақты қозғалысын онлайн-таблодан tablo-railways.kz сайтынан тексере аласыз.
Тағы бір қуанышты жаңалық:
– 14 желтоқсаннан бастап №145/146 «Астана — Омбы» жаңа бағыты ашылады.
– 15 желтоқсаннан бастап Тальго №105/106 «Алматы — Петропавл» күнара жүреді.



