ДенсаулықҚоғам

Астанада және тағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды: синоптиктер ескерту жасады

11 желтоқсанда Қазақстанның үш қаласында — Астана, Алматы және Өскеменде — ауа сапасына кері әсер ететін жағымсыз метеорологиялық жағдайлар (ЖМЖ) күтіледі. Бұл туралы синоптиктер хабарлады.

ЖМЖ деген не?

Жағымсыз метеорологиялық жағдайлар — желдің болмауы, тұман, ауа температурасының өзгеруі сияқты қысқа мерзімді табиғи құбылыстар. Осындай кезде ауада зиянды заттар көп жиналып, таралмай қалады. Соның салдарынан қалалардағы ауа сапасы нашарлайды.

Бұл жағдай адамдардың денсаулығына, әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге және өкпе, жүрек, аллергия сияқты созылмалы ауруы бар адамдарға кері әсер етуі мүмкін.

ЖМЖ кезінде не істеу керек?

Мамандар мына кеңестерді ұсынады:

  • Сыртта көп жүрмеу, әсіресе жол бойында немесе көлік көп жүретін орындарда;

  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

  • Созылмалы ауруы бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүруі керек;

  • Далада ауыр спорттық жаттығулар жасамау, спортпен тек жабық ғимараттарда шұғылдану ұсынылады.

Осыған дейін Қазақстанның 16 облысында да дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған. Қысқасы, алдағы күндері ауа райына мұқият болып, денсаулығыңызға сақ болған  дұрыс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button