Астана қаласынан шығатын тас жолдар жабылды

Астана қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары
полиция подполковнигі Махамбет Маратұлы Төлешовтің хабарлауынша
🔹Соңғы тәулікте қала аумағында 70-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 2 адам жарақат алды.
🔹Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты Полиция департаментінің саптық бөлімшелерінің жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген режиміне ауыстырылды.
🔹Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша қала сыртындағы трассаларға бес бағытта, атап айтқанда Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Қорғалжын автожолдарына уақытша шектеу енгізілді.
Қолайсыз метео жағдайларда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті әкімдікпен бірлесіп көшелерді тазалау жұмыстарын үйлестіруде.



