Қоғам

Астанада ең үлгілі емханалар анықталды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың елордалық филиалы «Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің көшбасшысы» атты жыл сайынғы байқаудың қорытындысын шығарып, үздік медициналық ұйымдарды марапаттады

Төрт ай бойы Астанадағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 42 ұйым бірқатар негізгі көрсеткіш бойынша өзара бәсекеге түсіп, кәсібилігін, жұмыс тиімділігін және пациенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға ұмтылысын көрсетті. Медициналық ұйымдардың қызметі бес негізгі индикатор бойынша бағаланды.

Негізгі критерилер: сақтандырылмаған азаматтар санын азайту, МӘМС жүйесі туралы ақпараттық түсіндіру, пациенттерді қолдау жұмыстары, шағымдар саны, диспансерлік науқастар жағдайы және шұғыл жағдайларға жедел жүктеме бойынша көрсеткіштер.

Кешенді бағалау нәтижесі бойынша бірінші орын Астана қалалық №4 емханаға, екінші орын «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС-ге, үшінші орын қалалық №7 емханаға берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button