Қоғам
Тәуелсіздік күні Астанада 18 сәби дүниеге келді

Тәуелсіздік күніне қараған түні Астананың үш перзентханасында 18 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 7 ұл және 11 қыз бала бар. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасаған Kazinform агенттігі хабарлады.
— Мерекелік күні Астана дәрігерлері босануларды қабылдап, болашақ мұғалімдерге, дәрігерлерге, спортшыларға және Отан қорғаушыларына өмір сыйлады. Сәбилер №2 және №3 көпбейінді қалалық ауруханаларда, сондай-ақ Қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келді, — делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, бүгін — 16 желтоқсан, Қазақстан халқы мемлекеттік мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтуде.



