Қоғам
19 желтоқсан астаналықтарды дрон-шоу күтеді

19 желтоқсанда «Астана Арена» стадионы маңында 25 метрлік жаңа жылдық шыршаның шамы жағылар алдында астаналықтарды дрон-шоу күтіп тұр. Сағат 17:30-дан бастап концерттік бағдарлама мен балаларға арналған интерактивті ойындар өтеді. Сонымен қатар, мұз айдындары, сырғанақтар және фотозоналар жұмыс істейді.
Сондай-ақ 25 метрлік шырша Ақбұлақ өзенінің жағалауында (Sana Sport кешенінің артында, Қажымұқан көшесі, 5) да жарқырайды. Бұл локацияда мерекелік отшашу ұйымдастырылады.



