Ботаникалық бақта апельсин мен кумкват пісті

Астананың суық күндері жазғы атмосфераны сезініп жасыл желек арасында серуендегіңіз келсе ботаникалық баққа бас сұқсаңыз болады. Мұнда сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдіктер жайқалып тұр. Бақта екі жылыжай бар. Тропикалық және суккулентті. Дәл қазір тропикалық жемістердің бірі апельсин мен кумкват пісіп тұр. Былтыр астаналықтар осында өскен 63 дана апельсиннің дәмін татса, биыл ағаштар еке еспе көп жеміс беріпті. Оранжереяға барған соң қызметкерлер жемісті сіздің көзіңізше піскенін алып салмағын, көлемін өлшеп сосын дәмін тату үшін дегустацияға береді. Дәмі тіл үйретін апельсин және кумкват жемісін дегустация жасап көргіңіз келсе ботаникалық саябақтың әлеуметтік желідегі парақшасы https://www.instagram.com/botsad_astana?igsh=em1ianBtdGM1bmIz қай күндері келуге болатынын алдын-ала хабарлайды.
Билет бағасы:
ересектер — 2200 тг
балалар — 1600 тг
мектеп жасына дейінгі балалар — 1000 тг
студенттер — 1840 тг
Мекен-жайы: Орынбор көшесі 14 д, жұмыс уақыты 10:00-19:00 (дүйсенді демалыс)



