Қоғам

Тәуелсіздік күні Қазақстанда 725 сәби дүниеге келді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздің медициналық ұйымдарында 725 нәресте өмірге келді, оның ішінде 7 егіз бар.

Айтулы күннің символдық мәнін айқындай түскендей, жаңа туған сәбилердің саны жынысы бойынша дерлік тең болды: 362 ұл және 363 қыз.

Тәуелсіздік күні бала сүю — ел үшін де, шаңырақтарында қуанышты жаңалыққа кенелген отбасылар үшін де ерекше әрі мәнді оқиға. Бұл күні дүниеге келген әрбір сәби — тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының бір бөлшегі.

Мерекелік күні перзентхана қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсетіп, өздерінің жоғары жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жаңа туған сәбилердің ата-аналарын отбасындағы қуанышпен құттықтай отырып, нәрестелерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және тәуелсіз Қазақстанда жарқын болашақ тілейміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button