Зейнетақы жинағын ескі шектермен қалай үлгеріп шешіп аласыз?

1 қаңтардан бастап жеткіліктілік шектері шамамен 10%-ға өседі.
Яғни қазір БЖЗҚ-дан (ЕНПФ) алуға болатын соманың бір бөлігі жаңа жылдан кейін қолжетімсіз болуы мүмкін.
Өз жасыңызға арналған 2026 жылға белгіленген шекті 👉 осы жерден көруге болады.
Қазір зейнетақы жинағын неге пайдалануға болады?
-
ипотекаға бастапқы жарна ретінде
-
ипотеканың ай сайынғы төлемін өтеуге
-
сирек (орфандық) ауруларды емдеуге және терапиясына
Ал пластикалық операциялар, стоматология, офтальмология сияқты қызметтерге артық соманы алу тоқтатылды.
Қай күнге дейін үлгеру керек?
Ескі шектермен алу үшін БЖЗҚ өтінімді 31 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін қабылдауы тиіс.
Маңызды:
-
29 желтоқсанға дейін берілген өтінімдер 2025 жылы өңделеді
-
30–31 желтоқсанда жіберілген өтінімдер жаңа жылы, екі жұмыс күні ішінде қаралады
Сондықтан соңғы күнге қалдырмай, өтінімді ертерек берген дұрыс.
Жаңа жылы өтінім беру 5 қаңтардан бастап ғана мүмкін болады, себебі 1–4 қаңтар — демалыс күндері.
Артық сома бар-жоғын қалай тексеруге болады?
Ең оңай жолы — eGov сайты немесе қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп,
«Зейнетақы жинақтары» бөлімі арқылы тексеру.
Салық туралы маңызды!
Өтінім берген кезде міндетті түрде
«ЖТС-ты (ИПН) кейінге қалдыру» тармағын таңдаңыз.
Бұл қазір 10% салық төлемеуге мүмкіндік береді
Ал 1 қаңтардан бастап бұл салық мүлде алынып тасталады



