Қоғам

Кешке «Астана Арена» стадионы маңында қозғалыс шектеледі

Бүгін барлық алты ауданында  40 тан астам жаңа жыл шыршасының шамы жағылмақ.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында бас шырша орналасқан «Астана Арена» стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеулер «Алау» мұз сарайы жағындағы көше мен «Астана Арена» стадионының шығыс жағындағы көшеге қатысты болады.

Қозғалыс шектеулері шырша шамын жағу басталғанға бірнеше сағат бұрын күшіне енеді және барлық мерекелік іс-шара аяқталған соң алынады.

Жүргізушілер алдын ала жүру бағытын жоспарлауы және жол қозғалысының ұйымдастырылуындағы өзгерістерді ескеруі қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button