Қазақстан мегаполистеріндегі ауа райы: алдағы үш күнге болжам

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жел күшейіп, тұман мен көктайғақ күтіледі.
Астана
6 қаңтарда елордада ауыспалы бұлтты ауа райы болжанады, қар жауып, бұрқасын соғады. Күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Желдің бағыты – оңтүстік-батыс, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін, кей сәттерде 23 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде -9…-11°С, күндіз -2…-4°С.
7 қаңтарда жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде -12…-14°С, күндіз -10…-12°С.
8 қаңтарда да жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыс және оңтүстіктен 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -15…-17°С, күндіз -10…-12°С болады.
Алматы
6 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Түнде -3…-5°С, күндіз +2…+4°С.
7 қаңтарда да жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +3…+5°С.
8 қаңтарда ауа райы айтарлықтай өзгермейді: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, таңғы уақытта тұман. Түнде -3…-5°С, күндіз +3…+5°С.
Шымкент
6 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°С, күндіз +3…+5°С.
7 қаңтарда жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде -3…-5°С, күндіз +4…+6°С.
8 қаңтарда да ауа райы өзгермейді: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +4…+6°С.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстан аумағында дауылды ескерту жариялаған болатын.



