Қоғам

Астанада «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Астанада 2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы жалғасып жатыр. Жоба аясында қала тұрғындары өз аулаларын абаттандыруға және қоғамдық кеңістіктерді жаңартуға арналған ұсыныстарын ұсына алады.

Қазіргі уақытта аудан әкімдіктерінде өтінім қабылдау басталды. Жоба аулаларды жөндеу, ойын және демалыс алаңдарын салу, гүлзарлар мен саябақтарды абаттандыруды көздейді. Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады: өтінім қабылдау, жобаларды талдау, дауыс беру және жеңімпаз бастамаларды іске асыру.

Аудандар бойынша өтінім қабылдау мерзімдері әртүрлі. Байқоңыр ауданында өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады, Алматы ауданында өтінім қабылдау аяқталып, дауыс беру кезеңі өтеді. Сарайшық және Сарыарқа аудандарында өтінім қабылдау 20 қаңтарда басталады. Нұра ауданында да өтінім қабылдау қаңтар айына жоспарланған. Ал Есіл ауданында тұрғындар өтінімдерін 23 қаңтар мен 1 наурыз аралығында жолдай алады.

Тұрғындар қолдаған жобаларды іске асыру биылғы жылы жоспарланған. Жоба аясында жыл сайын елордада 100-ден астам аула жаңартылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button