Қоғам
Астанада 11 қала маңындағы автобус бағытының қозғалысы уақытша тоқтатылды

Қолайсыз ауа райына байланысты Астанада қоғамдық көліктің бірқатар бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Атап айтқанда, қала маңына қатынайтын № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328 және 329 бағыттарында автобустар жүрмейді.
Қалған қала маңындағы маршруттар әдеттегі режимде қатынап жатыр.
Айта кетейік, 12 қаңтар күні қатты боран салдарынан Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус жол-көлік оқиғасына ұшыраған болатын. Осыған байланысты жауапты қызметтер тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын ескеруге шақырады.



