Қоғам

Астана әкімдігі мұғалім тапшылығын азайту үшін 800-ге жуық педагог даярлауға дайын

Астанада мұғалім тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2026 жылға педагогикалық мамандықтар бойынша 783 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. Ұлттық білім беру базасының деректеріне сәйкес, елордада жалпы саны 29 251 педагог еңбек етеді, олардың 21 033-і мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейді.

Педагогтердің білім беру ұйымдары бойынша бөлінісі төмендегідей: мектепке дейінгі ұйымдарда – 6 179 педагог (оның ішінде мемлекеттік ұйымдарда – 2 922), жалпы білім беретін мектептерде – 19 678 педагог (мемлекеттік мектептерде – 15 417), арнайы ұйымдарда – 767 педагог, қосымша білім беру ұйымдарында – 949 педагог, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында – 1 678 педагог (мемлекеттік ұйымдарда – 978).

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылы Астананың білім беру ұйымдарына 2 623 жаңа педагог қабылданған. Олардың қатарында әкімдік грантымен білім алған 398 түлек және «жайлы мектептерге» ауыстырылған 146 педагог бар.

Сонымен қатар, 2018–2024 жылдар аралығында елорда әкімдігі педагогикалық мамандықтар бойынша 3 763 мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы орын саны да жыл сайын артып келеді: 2021 жылы – 908 орын болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1 500 орынға жеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button