Пайдалы қосымшалар: Тредс үздіктері

Threads желісінде қолданушылар күнделікті пайдаланып жүрген ыңғайлы әрі пайдалы қосымшаларымен бөлісті. Пікірлерді саралай отырып, көпшіліктің көңілінен шыққан ең үздік сервистерді жинақтадық.
• Brave — жарнамалар мен трекерлерді автоматты түрде бұғаттайтын браузер. Смартфонда YouTube видеоларын жазылусыз, фондық режимде тыңдауға мүмкіндік береді.
• Family Wall — отбасы мүшелеріне арналған ортақ күнтізбе. Барлық жоспарлар мен өзгерістер қатысушыларға бірден көрінеді. Бірлескен істерді жоспарлауға өте қолайлы.
• YouTube Audio Bot — YouTube пен әлеуметтік желілердегі видеоларды аудиофайлға айналдыратын Telegram-бот. Дәрістерді, сұхбаттар мен подкасттарды фондық режимде тыңдау үшін ыңғайлы.
• Down Dog — йога, пилатес және медитацияға арналған қосымша. Жаттығулар деңгейіңізге және бос уақытыңызға қарай жеке бейімделіп ұсынылады.
• Be My Eyes — көзі көрмейтін және көру қабілеті төмен адамдарға бейнеқоңырау арқылы көмектесуге арналған қосымша. Түсті анықтау, жарамдылық мерзімін тексеру сияқты күнделікті істерде қолдау көрсетеді.
Бұл қосымшалар күнделікті өмірді жеңілдетіп, уақытты тиімді пайдалануға көмектесетін нағыз пайдалы табыстардың бірі.



